Махарова Гаухар Сабыржановна 1997 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ағылшын тілі факультетінің «Ағылшын және орыс тілдері мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық еңбек өтілімі 27 жыл. 2016 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Филология және көптілді білім беру» институтының “Аударма ісі” мамандығы бойынша магистратураны бітірген, педагогика және гуманитарлық ғылымдар магистрі. 2022 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің “Педагогика және Психология” институтының «Мамандандырылмаған педагогика» мамандығы бойынша докторантураны тамамдады. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласындағы №141 мектеп –гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1999 - 2007 жылдар аралығында №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінде, 2007 - 2009 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2009 жылдан бастап Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Механика – Математика, Физика – Техникалық, Ақпараттық Технологиялар және Заң факультеттерінде аға оқытушы болып қызмет атқарады. Осы уақытқа дейін Г. С. Махарованың педагогикалық енбек жолында, ғылыми - әдістемелік, зерттеу жұмыстары аясында 40 тан аса мақалалары жарияланып шықты. Оның ішінде 3 мақала WEB of Science, Scopus ақпараттық базасының тізіміне енетін импакт факторы бар журналдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен журналдарда 16 мақала, 2 оқу құралы жарық көрген. Кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында 2012 жылы АҚШтың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде, 2015жылы Францияның Перпиньян Университетінде, 2019 жылы Германияның Гейдельберг университетінде, 2022 жылы Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде тағылымдамадан өткен.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

АШТПИ
Жоғары
1997
Қызығушылығы